Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Луина мұрнының үлкендігінен бір кездері қатты ұялғанын айтты

Өзіндік тыңдармандарын қалыптастырып үлгерген әнші Луина 11 сыныпқа дейін мұрнының үлкендігінен қатты ұялып жүрген. Алайда қазір әншінің өз бет-әлпетіне қатысты ойы өзгерген. Мұрнының үлкендігін кемшілігім деп емес, артықшылығым деп біледі.

image

Фото: geometria.de.com

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Отандық бағдарламалардың бірінде Әлия Көкеева есімді желі қолданушысы “Луинаның түрі сондай қорқынышты. Көзі тышқандікіне ұқсайды, ал мұрны сондай үлкен. Оған тез арада пластикалық ота жасату керек”, – деп пікір білдірген.

Бұл пікірді естіген Луина қатты ренжіген. Тіпті, көңіліне тиіп, жүрегін қарып өткенін де жасырмады.

“Құдайым-ай, Әлия, неткен жаман адамсыз. Мен өмір бойы осы мұрныма бола ұялып жүретінмін. Оңбаған, мұны қалайша байқап қойдыңыз?! Мүмкін көздерім азиаттық шығар, бірақ олар өте әдемі. Көзіме қатысты айтқаныңызға еш келіспеймін. Мұрныма қайтып оралсақ, сөзіңіз менің жанды жеріме тигені де рас болар. Бірақ мен мұрнымнан тек 11 сыныпқа дейін ғана ұялатынмын, қазір оның мінсіз екеніне анық көзім жетеді”, – деп әнші “Гәкку” арнасының “Follow Wars” бағдарламасында желі қолданушысының бұл сөзіне қатты ренжігенін жеткізді.

Тыңдармандары даусы мінсіз әншінің дене бітімінде кемшіліктердің жетіп-артылатынын айтса да, Луина еш қысылмастан жартылай жалаңаш суреттерге түсуге құмар. Әнші әдетте жауапкершілігі бар ересек адам екенін айтып, өзін ақтап алады.


Оқи отырыңыз:

Әнші Луина тыңдармандарының сынына бола төсіне ота жасатпақ

Луина әріптестеріне пародия жасап, елді таңқалдырды (видео)

Тыңдармандары Луинаға киімсіз жүруге кеңес берді

Сүйіктісімен бес жыл бірге тұрған Луина тойдың әлі жақын арада болмайтынын айтты

Кентал мен Луина “Перизат” әнінің кавер нұсқасын орындады

Талқылау