Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Луина әріптестеріне пародия жасап, елді таңқалдырды (видео)

Күні кеше көпшілік Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәлінің “Алло” атты әніне пародия жасаса, Луинаның бір өзі бірнеше әріптесінің даусын айнытпай салды.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Отандық теле-шоулардың біріне қатысқан Луинаға өзінің өнердегі әріптестеріне пародия жасау жүктеледі. Осы уақытқа дейін актрисалық қырынан да танылып үлгерген әнші Жанар Дұғалова, Ерболат Құдайбергенов, Толқын Забирова, Роза Рымбаева, Мақпал Исабекова сынды әріптестеріне пародия жасайды.

Көпшілік Луинаның пародияны  айнытпай салғанына таңқалады. Тек отандық әншілерге ғана емес, Бритни Спирс секілді шетелдік жұлдыздардың да әнін орындады. Әндердің сөзін ұмытып, басқа сөздермен алмастырса да, Ерболат Құдайбергенов сынды әншілердің сахнадағы қимыл-қозғалысын сол қалпында келітіреді.

27649893

Естеріңізде болса осы уақытқа дейін тыңдармандарының Луинаға киімсіз жүре беруге кеңес бергені туралы жазған болатынбыз.

Талқылау