Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Lufthansa жолаушысы 11 мың метр биіктікте есікті ашпақ болды

Майндағы Франкфурттан Белградты бетке алып ұшқан лайнер бортында оқыс оқиға тіркелді. АҚШ азаматы Австрияның үстінен ұшып бара жатқан кезде 11 мың метр биіктікте сыртқа шығатын есікті ашпақ болған.

самолет

Куәгерлердің айтуынша, ол есіктің құлағынан ұзақ уақыт бойы ұстап тұрып, оны «ашамын» деп, іштегі жұрттың зәресін ұшырған. Сол сәтте осы ұшақпен келе жатқан ресейлік гандболшы Алексей Растворцев оны сабасына түсіріп, артынша полицияға тапсырған.

Айта керту керек, Алексей – Сербия клубтарының бірінде легионер. Лайнерге келер болсақ, ұшақ діттеген жерге аман-есен қонды.

Талқылау