Лотореядан ұтып алған қомақты ақша жеңімпаздың өмірін құртты

Бір кездері қарапайым пошташы болған азамат лотореядан 148 млн фунт ақша ұтқан. Алайда байлығы тасыған соң өмірі күр өзгере бастады.

Лотореядан ұтып алған қомақты ақша жеңімпаздың өмірін құртты

Ұлыбританияның бұрынғы пошташысы лоторея ұтысынан кейін өзін жалғыз сезіне бастаған. Ол зәулім үйін сатып, Австралияға көшпек болды.

2012 жылы 42 жастағы пошташы Адриан Бейфорад лотореядан 148 млн фунт ақша ұтып алады. Осыдан соң 6,5 млн фунтқа Суффлок патшалығынан үй сатып алады. 15 айдан соң әйелі онымен ажырасуға сотқа береді.

Пошташы шұжық фабрикасында жұмысшы қызбен кездесіп жүреді. Кейін тағы бір әйелмен көңіл көтереді. Ол 300 мың фунт тұратын жылқыны алған соң одан кетіп қалады. Үшінші кездескен қыз даяршы болып істеген. Даяршы қыз ер адамның бұрынғы көлік жүргізушісі болған әйелмен сөйлескенін біліп қалып, оны тастап кетеді.

Достарының айтуынша, Бейфорад жеке өмірін құруға байлығының кедергі келтіргенін айтқан. Бұрынғы әйелі басқаға тұрмысқа шыққанда тіпті жаны ауырыпты. Осыдан соң ақшасын өзгелерді бақытты етуге жұмсауды жөн көрген.

Енді зәулім үйін сатпақ ниетте. Алты жыл бұрын сатып алған  жылқы мен сиыр, тауық пен өзге үй жануарларының көзін жойған. Музыкалық дүкенін де жауып, Австралияға кетпек ойда. Өзінің басқа адам болғысы келетінін айтқан. Алайда достары оның тағдырына алаңдайды.

«Ол тіпті жақын достарына бір ауыз сөз айтқан жоқ», – дейді достары.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар