Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лотереядан миллиардтаған ақша ұтқан ер адам қара жұмыс істеп жүр

Ұлыбританияда лотереяда ұтысқа кенелген азамат миллион фунт стерлингті жұмсап, үйсіз, көліксіз қалды. Ол ауыр жұмыс істеп нәпақа табуға мәжбүр.

Лотереядан миллиардтаған ақша ұтқан ер адам қара жұмыс істеп жүр

Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

2002 жылы 19 жастағы Майкл Кэрролл  лотереядан 9,7 млн фунт стерлинг (7 млрд 400 млн теңгеден аса ) ұтып алған. Ол ақшаны алғаннан кейін оны оңды-солды жұмсапты. Күніне 10 мың фунт жұмсайтынын айтып мақтанған жігіт көшеде «Мерседес» көлігімен жүріп, жаяу жүргіншілерге фастфуд лақтырған. Осылайша ол 2012 жылы бүкіл байлығынан айырылып қалыпты.

«Менің миллиондарым 10 жылдың ішінде жоқ болып кетті. Үйім де, көлігім де жоқ. Алайда мен өкінбеймін. Жеңіл келген нәрседен айырылу оңай», – дейді ол.

Ер адамның айтуынша, қайтадан жұмыс істей бастағанда өзін анағұрлым бақытты сезінген.

Ендігі бұрынғы миллионер Шотландияда тұрып жатыр. Ол күніне 12 сағат жұмыс істейді.

«Көмір салынған 50 келілік қаптарды тасып, жанармай бекеттерінде сатылатын отынды жарамын», – дейді ол.

Оның сөзінше, таңғы сағат 6-дан кешкі 18:00-ге дейін 150 қап көмір тасып үлгереді екен.

«Кейде маған шайға бірнеше фунт береді. Сол кезде күлкім келеді», – дейді Кэрролл.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау