Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лотерея билетіне үйлену тойының күнін жазған әйел миллиардтаған ақша ұтып алды

Аутстралияның Мельбурн қаласынң тұрғыны лотерея билетіне үйлену тойының уақытын жазып, 9,6 миллион аустарлиялық долларын (2 млрд 360 млн теңгеден аса) ұтып алды.

Лотерея билетіне үйлену тойының күнін жазған әйел миллиардтаған ақша ұтып алды

Бұл туралы News.co.au басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Әйел күйеуімен шаңырақ көтергеніне 19 жыл толуына орай, өзіне және күйеуіне сыйлық ретінде 2 лотерея билетін сатып алған. Алғашқы сыйлықты ұтып алу үшін 8 санды табу талап етілген. Ол екі билеттегі сегіз сан жазылуы тиіс жолдарға үйленген уақыты мен балаларының туған күнін көрсетіпті.

Нәтижесінде ол ұтысқа иеленген. Ал екі билеттегі жолдар бірдей толтырылғандықтан, сыйлық екі есе көлемде беріледі. Ендігі әйелге 20 жыл бойы ай сайын 40 мың аустарлиялық доллар (9 млн теңгеден аса) берілетін болады.

Өз кезегінде әйел бұл ақшаны қарыздарынан арылуға және жаңа автокөлік сатып алуға жұмсамақ. Сонымен қатар ол күйеуімен бірге Аустралияның солтүстігіндегі танымал демалыс орны Порт-Дугласта демала алады. Олар үйленгенге дейін аталған демалыс орнында демалуды армандаған. Тек оған мүмкіндіктері болмапты.

Оқи отырыңыз:

Дене бітімі мінсіз модель керемет пішінді ұстап тұру үшін неден аулақ болу керектігін айтты (фото)

Жол полициясының қызметкері жаңбыр кезінде жұмысына жалаңаяқ шыққан (видео)

Адамзат үшін аса қауіпті әрі емі жоқ инфекция тіркелді

Бразилиялық бойжеткен жүкті екенін босану кезінде біліп, заң бұзған

Талқылау