Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лос-Анжелесте кеденшілер Oh My Girl тобының мүшелерін жезөкшелерге балап өткізбей қойған

Оңтүстік кореялық Oh My Girl тобының қатысушылары Лос-Анжелес әуежайында тексеріс кезінде ұсталды. Кеденшілер 15 пен 21 жас аралығындағы қыздарды жезөкшелерге барап, АҚШ-қа өткізбей қойған.

 

Бұл туралы STAN.KZ BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл оқиға 10 қарашада болған. Кеденшілер топ мүшелерін олардың концерттік костюмдері мен реквизиттеріне қарап жезөкшелікпен айналысатын қыздар деп ойлаған.

Топ мүшелері кеденде 15 сағаттай болып, Оңтүстік Кореяға ұшып кеткен. WM Entertainment дыбыс жазу компаниясы кеденшілердің қыздарды елден өткізбеуіне қатысты құқықтары бойынша заңгерлермен ақылдаспақшы.

Oh My Girl тобы Лос-Анжелестегі 12 желтоқсан күні өтетін салтанатты шарада өнер көрсетуі керек болған. Сондай-ақ, Korea Times ақпараты бойынша, Калифорния штатының оңтүстік бөлігінде жаңа альбомның фототүсірілімін жасау жоспарланған.

Талқылау