Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лос-Анджелесте Головкин-Уэйд кездесуіне орай баспасөз мәслихаты өтті (фото)

Лос-Анджелесте WBA (Super), IBO, IBF и WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Генадий Головкин мен Доминик Уэйд арасындағы кездесуі алдында баспасөз жиыны өтті.

photo_62172

Суреттер boxingscene.com сайтынан алынды

Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлайды.

Ертеректе, Головкиннің промоутері Том Леффлер Головкинмен ешқандай чемпион кездесуге шықпай қойғаннан кейін, Доминик Уэйдпен келісімге келдік деген болатын. Бірақ, алдағы жекпе-жек те “жәй рингке шыға салу” емес. Уэйд жас әрі талантты боксшы, деді ол.photo_62174

Басты кездесуі Головкин-Уэйд жекпе-жегі болып саналатын бокс кешінің андеркартында үздік боксшылардың бірі, WBC титулының қазіргі иегері никарагуалық Роман Гонсалес те шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы пуэрторикалық Макуильямс Арройо.photo_62166

Еске сала кетсек, Головкин-Уэйд кездесуі 23 сәуір күні АҚШ-тың Калифорния штатындағы «FORUM» аренада өтеді. Бұл қазақстандықтың кәсіпқой рингтегі 35-ші кездесуі. Осыған дейінгі барлық жекпе-жегінде Головкин жеңіске жетіп, 31-ін нокаутпен аяқтаған.    photo_62171  photo_62175 photo_62176 photo_62177 photo_62178

Талқылау