Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лос-Анджелесте Гарри Поттер әлемін бейнелеген парк салынды

Лос-Анджелесте Гарри Поттер таңғажайып әлемінің тақырыптары бойынша парк тұрғызды. Қисайған пеш мұржалары мен қар басқан шатырлар арқылы идея авторлары фильмде суреттелген көріністерді шынайы беруге тырысқан.

Безымянный

Сурет tourblogger.ru

Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды.

Қызықты әлемнің шағын түрі Universal ойын-сауық студиясының алаңында көрсетілмек. Оған келушілер Хогвартс сиқыршылар мектебі бен Хогсмид ауылында бола алады. Сонымен қатар олар дүкендерден Гарри Поттермен байланысты әртүрлі заттарды алуына мүмкіндігі бар. Олардың арасынан қауырсындар, интерактивті сиқырлы таяқшалар мен тіпті Хогвартстың мектеп формасын да кездестіруге болады. Ойын-сауық орталығы келесі аптада есігін айқара ашпақ.

Талқылау