Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лос-Анджелес маңында белгісіз біреу атыс шығарды. 12 адам көз жұмып, 12-сі зардап шекті (видео)

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласының маңындағы Саузанд-Оакс қаласындағы барда атыс болды. Барға келген белгісіз ер адам өзгелерге оқ жаудыра бастапты. Салдарынан 12 адам мерт болып, тағы 12-сі зардап шекті.

Лос-Анджелес маңында белгісіз біреу атыс шығарып, 12 адам көз жұмып, 12-сі зардап шекті (видео)

Бұл туралы «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға 7 қарашада Саузанд-Оакс қаласында орын алған. Қаладағы Borderline Bar and Grill барындағы атыс кезінде жүздеген келуші болыпты. Олардың дені студенттер екен.

Агенттік мәліметінше, атыс салдарынан 12 адам көз жұмып, тағы 12 адам түрлі жарақат алған. Ал атыс шығарған адамның өзі оқ жарақатынан мерт болды.

Белгілі болғандай, қаза тапқандардың ішінде танымал жергілікті сержант Рон Хелус бар.

Анықталғандай, оқиға орнынан бір тапанша табылды. Әзірге күдіктінің өзіне қол жұмсағаны немесе оған әлдекімнің оқ атқаны белгісіз.Қазіргі уақытта аталған оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Артынша желіде атыс кезінде түсірілген видео пайда болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау