Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лондонның орталығында Димаш Құдайбергеннің концерті туралы афиша ілінген

Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған Димаш Құдайбергеннің Ұлыбритания мемлекетінің астанасы Лондон қаласында өтетін концертіне 1 апта ғана қалды. Осыған орай Лондон қаласында жүрген жерлесіміз Индира Бектенова Димашты қолдап, оның өтетін концерті туралы афишаның қаланың қақ ортасындағы адам көп жүретін түристік Leicester Square жерде орналасқанын жазып мақтануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Лондонның орталығында Димаш Құдайбергеннің концерті туралы афиша ілінген

Естеріңізге салсақ, отандық әнші Димаш Құдайбергеннің Лондон қаласындағы жеке концерті алғаш рет өтпекші. DQ символдық атаулы шоу 19 қарашада Ұлыбритания астанасындағы ең беделді концерт залдарының бірі Royal Festival Hall-да өтеді.

Сонымен қатар, Мәдениет және спорт министрлігі Димаш Құдайбергеннің Лондонда өтетін концертінде марқұм спортшы Денис Тенге арнап ән шырқайтынын мәлімдеген болатын.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар

Талқылау