Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар: Компьютер арқылы кез келген адамның қолтаңбасында жазуға болады

Ғалымдар адамның қолжазбасын мысалға ала отырып, кез келген мәтінді сол адамның жазуындай етіп жазатын алгоритм ойлап тапты.

_90784980_hi006748339

Бұл туралы bbc.com жазған.

Мәтіндік редакторларда қолжазбаға ұқсайтын қаріптер пайда болғалы қашан. Алайда Том Хэйнс пен оның әріптестері (Лондон университеті колледжіндегі) адамның қолжазбасына барынша ұқсатып жазатын бағдарлама ойлап тапты.

Аталмыш бағдарлама “My Text In Your Handwriting” деп аталады. Алғашқы тәжірибе әртүрлі тарихи тұлғалардың қолжазбасына жасалынды. Олардың ішінде Авраам Линкольн мен Артур Конан Дойл бар.

Конан Дойль ешқашан да “оп-оңай, Ватсон” деп жазбаған, алайда лондондық зерттеушілер жаңа бағдарламаның көмегімен бұл жазуды танымал жазушының өзі жазғандай етіп шығарған.

Бағдарлама қалай жұмыс істейді?

Мен Том Хэйнске өте қиын тапсырма бердім.

Бала кезімнен менің жазуым нашар болатын. Тіпті, өзімнің ата-анам тани алмайтын. Тым шимай-шатпақ.

Томға қағазға жазылған жазбамды бердім. Басқа бағдарламалар планшетпен жазылған мәтінді қолданады. Ол анық көрсетпейді.

Том менің жазбамды бағдарламаға қосты. Компьютерлік бағдарлама мен жазған әр әріпті, тіпті, әр тыныс белгісін айна қатесіз жаттап алды. Мәселен «і» әрпін жазу барысында бірде үстіне нүкте қойсам, екіншісінде қоймадым. Соған қарамастан, бағдарлама жаңылысқан жоқ.

Мәтін анализі аяқталған соң, Том алгоритмді іске қосып, пернетақтаның көмегімен «сәлем» деп жазды.

Сол сәтте түсініксіз әріптермен «сәлем» сөзі шыға келді. Шыны керек, ол расымен де менің жазуыма қатты ұқсады. Одан кейін бүтін бір сөйлемді жазуға тырыстық, нәтиже қайталанды. Тұтас бір сөйлем менің қолтаңбамнан шыққандай еді.

Расында да қызық. Алайда бұл бағдарламаны қай кезде қолданамыз?

Мәселен банк өз клиенттеріне құпия хат жолдаған кезде, қауіпсіздік мақсатында олар жазбаны адамның қолынан шыққандай етуі мүмкін.

Зерттеушілер маған хат жазудың үш түрлі үлгісін көрсетті. Біреуі компьютермен болса, қалған екеуі адамның қолымен жазылған. Мен оларды ажырата алмадым. Ал сіз айырмашылығын таба алар ме екенсіз?

Мәселен, мына жазбалар компьютермен терілген бе әлде адамның қолымен жазылған ба? (Жауап мақаланың соңында беріледі)
_90756607_img_3590_90756603_img_3590_90750065_img_3590

Аталмыш бағдарламаны ашық хаттарға қолдануға болады. Ашық хатта «Туған күніңмен!» сөзі компьютермен емес, адамның қолымен жазылса, жағымды әсер қалдырмай ма?

Мұның кері тұсы да бар секілді. Адамның қолын жасаумен айналысатын алаяқтар да осы бағдарламаны өз пайдасына асыруы мүмкін ғой. Алайда ғалымдар мәтінді адамның жазғанын не компьютердің тергенін микроскоп арқылы көруге болатынын айтады.

Жауабы: екінші суреттегі мәтін компьютермен жазылған

 

Талқылау