Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лондонда жүздеген адам Рамазан айының арқасында аман қалды

Ұлыбританияның Лондон қаласындағы 24 қаббаты биік үйлердің бірінде өрт шығып, таң атпастан елді дүрліктірген еді.

xlarge

Сәресі уақыты таяған кезде байқалған қызыл жалын мен қою түтінді ауыз бекітуге асыққан мұсылмандар бірінші байқап, ұйқы құшағында алаңсыз жатқан көршілерін оятуға кіріскен, деп жазады muslim.kz.

«Ораза өмірімізді құтқарып қалды. Мұсылмандар бұл кезде ұйықтамаған болатын, яғни сәресіге дайындалып жатқан едік. Осы арқылы олар өздерін де, өзгелерді де аман алып қалды», – дейді өртке шыққан үйде тұратын судандық азамат.

Тілсіз жаудан 6 адам құрбан болып, 70-тен астам жан түрлі дене жарақатын алған. Тілсіз жаудың дер кезінде тізгінделмеуіне аталмыш ғимаратта өрт дабылы істемейтіні себеп болған.

Тағы да оқыңыз:

Лондондағы алапат өрт кезінде 10-қабаттан құлаған сәби аман қалды

Жылан шағып алған ер адам бірге өлу үшін әйелінің қолын тістелеп уды жұқтырмақ болған

Қадір түнінің құрметіне 1000 тұтқынға рақымшылық жасалып түрмеден босатылды

Талқылау