Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лондонда тұратын видеоблогер қызылордалық таксист Сәуле апай туралы ролик түсірді (видео)

Лондонда тұратын қазақстандық видеоблогер қызылордалық таксист апай Сәуленің бір күні туралы ролик түсірген.

Бейнежазба блогердің Youtube-каналында жарияланыпты. Автордың өзі де қызылордалық екен. Жазда туған жеріне келген ол таксист-апай туралы қысқаша репортаж дайындаған.

Айтуынша күйеуі ауырып біраз жылдардан бері жұмыссыз екен. Сәуле апай жалғыз өзі еңбектеніп, үш баласын өсіріп жеткізген. Апайдың өзі мамандығы бойынша механик екен. Оны бала кезінде көлік жүргізуге КамАЗ айдайтын ағасы үйреткен.

Біраз жылдардан бері ескіше механикалық қорабы бар көлікке үйреніп қалған әйел жақында ғана “автомат” машинаны тізгіндеген. Онда да балаларының қалауымен. Ол сондай-ақ жергілікті ер жүргізушілердің әйел-жүргізушілерді менсінбейтінін де айтты.

“Мен өз-өзімді қамтамасыз етіп, нанымды тауып жүрмін. Балаларымды оқыттым, ешкімнен ақша сұраған жоқпын”, – дейді ол.

Тағы да оқыңыз:

Таңға дейін қонақүйде бірге болды: “Хан Шатыр аруы-2017” байқауының қатысушысы дау болған видеоны түсіндірді

Pussycat Dolls тобының әншісі топтағы қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегенін айтты

Назерке Әріпті өлтірді деген күдіктінің анасы оның қыздарға талай рет шабуылдағанын айтты

Талқылау