Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лондонда тағамдарды 3D-принтерден басып шығаратын мейрамхана ашылды (видео)

Food Ink компаниясының  мейрамханалары әлемдегі ең бірінші 3D-принтері арқылы басып шығарылған тамақ ұсынушы болды. Бұл жерде аспазшылар кәдімгі пештің жанында тұрмайды, ал олардың көмекшілері дизайнер, суретші, инженерлер. Тамақтар арнайы пастадан әзірленеді. Оның құрамына кәдімгі  азы-түлік қосылған. Мейрамханадағы барлық зат, тіпті қасықтар да 3D-принтер арқылы басып шығарылған.

3ВВВВ

 

Жаңа үлгідегі мейрамханаларға қызығушылардың көптігі сонша, ашылмай жатып үш күнге тапсырыс алынған.

Тұтынушылардың көңілінен шықпаған бір зат, ол  мейрамханаға бір уақытта он адам ғана отыра алады. Қонақтарға тек он тағам түрі ұсынылады. Олардың әрқайсысының бағасы 300 АҚШ долларынан.

 

Талқылау