Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лондонда жалаңаш тамақтанатын мейрамхананың қонақтары әсерлерімен бөлісті

Лондонда 4 маусымда нудистерге арналған мейрамхана өз жұмысын бастаған еді. Мейрамхананың алғашқы қонақтары алған әсерлерімен бөлісті.

image

«Мен өзімді үйде отырғандай сезіндім. Осындай ережелер өзге де мейрамханаларда да болса екен деген ниетім бар», – дейді Кашан Кафур. Оның айтуынша, мейрамханада ұялы телефон қолдануға тыйым салынып және киімсіз жалаңаш күйде отырып ішуге болатыны олардың еркін отыруына жағдай жасаған.

eat5

 

Йоанн Белмердің айтуынша алдымен қонақтарға коктейль ұсынылып, кейін халат беріп мейрамхана аумағына апарады. Онда үстелдер зығырмен жабылған. Қонақтар халаттарымен де, тіпті халатсыз да отыра алады. Тамақтар табиғи өнімдерден жасалады.

v-londone-otkroetsya-restoran-dlya-nudistov__899722_

Келушілердің көбі мейрамханадан жақсы әсер алғанын, қызметшілердің мәдениетті екенін айтады. Мейрамхана ресми түрде 11 маусым күні ашылады. Тізімде 44 мың қонақ бар. Мейрамхана жаздың 3 айында жұмыс істейді. Түскі ас бағасы 88 евроны құрайды.

Ғимаратта телефонға ғана емес, электр тоғына да тыйым салынған. Оның орнына шамдар қолданылады. Қонақтарға веган тағамдары мен консервантсыз шараптар ұсынылады.

Жіберіп алмаңыз:

Америкада тегін тамақтандыратын мейрамхана ашылды

Талқылау