Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лондонда биік өкшелі туфли киюден бас тартқан хатшыны жұмыстан қуып жіберді

Лондонда кеңсе хатшысы Никола Торпты биік өкшелі туфли киюден бас тартқаны үшін жалақысын төлеместен жұмыстан шығарған.

0506_24

Сурет: style.news.am 

27 жастағы Торптың айтуынша, оған басшылары жұмыс кезінде 5 см-ден 10 см-ге дейінгі биік тақалы туфли кию керектігін ескерткен. Торп Price Waterhouse Coopers компаниясына уақытша жұмыс істеуге келген екен.

Ол күні бойы биік тақамен жұмыс істеудің қиын болатынын айтқан. Алайда, басшылары оның дүкенге барып, биік өкшелі туфли сатып алуын өтінген.

Оған неліктен биік тақасыз жұмыс істеуге болмайтынын түсіндірмеген. Бұл талапты орындамаған хатшыны жалақысын төлемей, жұмысынан босатқан.

Жұмысынан кеткен соң, Торп Facebook желісіне осы жайлы жариялаған. Дәл осылай жұмысынан қуылған әйелдер қауымы оны қолдап, пікірлер жазған.

Британия заңына сәйкес, фирма қызметтік киімді енгізугі құқылы. Енді Торп бұл заңды өзгертуге петиция жариялау үшін адамдардың қолын жинап жатыр.

Ал, компания қызметкерлерінің киіміне қатысты талапты өздері енгізуге хақы бар екенін айтады.

Талқылау