Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лондон мэрі жартылай жалаңаш бейнелерді жарнамалауға тыйым салды

Лондонның жаңа Мэрі Садик Хан қоғамдық көліктерде жартылай жалаңаш бейнелерді жарнамалауға тыйым салды.

thumb

Сурет focus.ua

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Айтуынша, мұндай жарнамалар дене пішімі стандартқа сай келмейтін бойжеткендердің психикасына кері әсерін тигізеді. Мэрдің мұндай шешім шығаруына 70 мың тұрғынның шағымы да себеп болды.

Енді Ұлыбритания астанасында ілінетін жарнамаларды мамандар тексеріп, шаһар әкімшілігі рұқсат беруі тиіс. Айта кеткен жөн, Садик Хан Лондон мэрі атанған алғашқы мұсылман. Ол 6 мамырда сайланбай тұрып-ақ осы жарнама түрін түбегейлі құртуға уәде еткен.

Тағы да оқыңыз:

Лондон мэрі болып тұңғыш рет мұсылман Садық Хан сайланды

Лондон мэрі Құранға қолын қойып, ант берді

Лондон мэрі Оразаны қалай ұстайтынын айтып берді

Талқылау