Лондон мэрі Шымкент әкімдігімен ынтымақтастық орнатуға ниет білдірді

Сейсенбі, 26 Шілде , 2016 10:56

Лондон мэрі Садық Хан Шымкент пен Лондон қалалары арасында баянды ынтымақтастықтың өрбуіне ниетті.

sssssss

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың атына Британия астанасының мэрінен телеграмма келіп түскен. Серіктестіктің басым бағыттары ретінде – “ақылды қала” технологиясының дамуы және мегаполистің орнықты даму мәселесі қарастырылған.

Еске сала кетсек, Садық Хан Лондон қаласының басшылығы қызметіне 2016 жылдың 9 мамыры күні келді. Тегі пәкістандық 40 жастағы британиялық Хан қарапайым жұмысшы отбасынан шыққан. Әкесі 25 жыл автобус жүргізушісі болып қызмет еткен. Мамандығы – заңгер. Ол 2008-2009 жылдары жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері негізіндегі министр, 2009-2010 жылдары транспорт министрі қызметтерін атқарды. Үкіметтегі әріптестері мен лейбористік партия арасында ол дипломатиялық және еңбекке деген ерекше тәртібімен белгілі.

Қазіргі таңда Лондон әлемнің ең ірі мегаполистерінің қатарына кіреді. Ондағы халық саны 8,6 миллион. Әлемдегі ең ірі қаржы орталығы деген атаққа Нью-Йорк қаласымен бәсекелес. Сонымен қатар, Британия астанасы тек туризмнің өзінен жылына 200 млрд доллар табыс тауып отыр.

Шымкент әкімі осы қызметке келгелі өзінің жаңашыл бастамаларымен танылып келеді. Оның бастауымен жуырда ғана қалада велобайк станциялары ашылып, әкімнің өзі де тұрақты көлік ретінде велосипедті пайдаланатынын айтқан еді.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар