Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лондон мэрі Құранға қолын қойып, ант берді

Өткен сенбіде Ұлыбритания астанасының әкімі болып Садық Хан есімді мұсылманның сайланғанын хабарлаған болатынбыз. 45 жастағы Садық Хан қызметіне кірісер алдында қасиетті Құранға қолын қойып, ант берді.

0befc8e4cf2be0b479c340a612f6ad09

Бұл туралы islam.kz хабарлайды.

«Мен мұсылман ретінде ішімдік ішпеймін, Рамазан айында ораза ұстаймын, халал тағам жеймін», – дейді Садық Хан.

Сонымен, Ұлыбритания тарихында тұңғыш рет ел астанасының әкімі болып мұсылман сайланды. Ол оппозициялық лейборитсік партия атынан сайлауға түскенін тағы бір мәрте естеріңізге сала кеткіміз келеді. Оның саяси додадағы қарсыласы да оңай шағылатын жаңғақ емес: миллиардердің ұлы Зак Голдсмит билік басындағы консерваторлар партиясының атынан сайланған депутат.

Ұлыбритания астанасының әкімі болып Садық Хан есімді мұсылманның сайланғанын хабарлаған болатынбыз.

Алайда, мұсылманның бағы жанып, 56,8 пайыз дауыспен сайланды. Ол пәкістандық эммигранттар отбасынан шыққан. Дені христиан тұрғындарының таңдауы неге ділі де, діні де жат Садық Ханға түсті? Біріншіден, билік басында әлемге әйгілі Кембридж, Оксфорд секілді қабырғалы жоғарғы оқу орындарын бітірген байлардың қарасы онсыз да көп, екіншіден, оның жүріп өткен жолы барынша тартымды: заңгер, адам құқығын қорғаушы. Халыққа берген уәдесі де электораттың көңілінен шықты: қылмысты барынша азайту, арзан баспана, қоғамдық көліктегі бағаны ауыздықтау, т.б.

Айта кетейік, оның қарсыласы көзір ретінде мұсылмандарды террорист етіп, одан тұрғындарды қорғауды мәлімдегенімен, оның бұл уәжі кәдеге аспай қалды. Ал Садық Ханның берген антының өзі халықтың көңілінен шыққан еді. Садық Хан Ұлыбританияның Еуропалық одақ құрамында қалғанын қалайды.

 

Талқылау