Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лондон аспанын қазақ әнімен әуелетті: Димаштың шетелдегі концерті қалай өтті? (видео)

Есімі әлемге танылған Димаш Англия астанасы Лондонда жеке концерт берді. Қайталанбас шоуды тамашалауға әлемнің 45 елінен көрермендер келді. Димаштың концерті Қазақстанның Ұлыбританиядағы мәдениет күндері аясында ұйымдастырылған болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Димаш Құдайберген

Фото Димаштың концертінен/ Света Айтбаеваның желідегі парақшасынан алынды

Құдайбергеновтің ән кеші «Indigo at the O2» концерт залында өткен. Ән кешіне Қазақстан, Қытай, Ресей, Бельгия, Германия, Канада, Финляндия, Ұлыбритания, Чехия және тағы да басқа елдерден келген қонақтар қатысты. Олар әлеуметтік желіде Димаштың концертінен фото-видеолар жариялап, қазақстандық көрерменмен бөлісті.

Димаштың Ұлыбританияда өткен тұңғыш концертіне оның анасы Света Айтбаева да арнайы қатысқан.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

London. Consert.

Публикация от Канат Айтбаев (@kanat_sveta_aitbayevtar)


Димаштың сахнаға шығуын асыға күткен тыңдармандар оның есімін хормен айтып, концерттің тезірек басталуын сұрады. Екі сағатқа созылған концерт көпшіліктің үмітін ақтады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Джереми.

Публикация от Канат Айтбаев (@kanat_sveta_aitbayevtar)

Ән кеші барысында Димаш әртүрлі тілдегі әндерін орындады. Қазақтың ұлттық киімін киіп, Лондон аспанын қазақ әнімен әуелетті, күмбірлете күй шертті. Концерттің басында Димаш “Қазақстан, алға” әнін шырқады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от sveta (@sveta_aitbaeva73)

Есімі әлемді шарлаған Димаш ән кеші барысында келген көрерменге қазақ тілін үйретуге тырысты.

Айтпақшы, Құдайбергенов бұл күні француз тіліндегі SOS d’un terrien әнін марқұм спортшы Денис Тенге арнады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау