Лионель Месси шашын басқа түске бояп, өзгеріп шыға келді

Дүйсенбі, 25 Шілде , 2016 10:57

“Барселона” шабуылшысы Лионель Месси шашын сары түске бояп, өзгеріп шыға келді.

месси

Бұл туралы футболшының жұбайы Инстаграмдағы парақшасында жариялады.

Аргентиналықтың жаңа образын жанкүйерлері әртүрлі бағалап, пікірлер қалдырған. Біразына футболшының күтпеген қадамы ұнаған сияқты.

Футболшы жақында ғана Ибицадағы демалысын мерзімінен бұрын аяқтап, команданың жаттығуына қосылып үлгерген болатын. Футболшы “Барселонамен” жаңа келісім-шартқа отырады деп күтілуде. Егер келіссөз сәтті аяқталса, ол каталониялық клуб сапында 2021 жылға дейін ойнайды.

06446b5b-d44d-47c1-bd86-0cd8ec69021a

Бұған дейін футболшы Аргентина ұлттық құрамасы сапынан кететінін мәлімдеп, кейін райынан қайтқандай сыңай танытқан еді. Сондай-ақ, оны Испания соты салық төлеуден жалтарды деп айыптап, шартты түрде жазалаған болатын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар