Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лионель Месси “Реал” жанкүйерінің қолын сындырды (видео)

Аргентина ұлттық құрамасы мен “Барселона” футбол клубының шабуылшысы Месси абайсызда жанкүйерінің қолын сындырды.

photo_180380

Оқыс оқиға Испания чемпионатының 30-шы туры аясындағы “Вильярреалға” қарсы ойында “Реал” жанкүйерінің қолын сындырып алды. 14-ші минутта қақпаға қатты соққы жасаған Мессидің тепкен добы Ракел Тахуэлоға дәл тиген. Нәтижесінда жанкүйер қыздың қолына зақым келген.

Әу баста доп қыздың басына тигенімен, қолының сынғаны туралы кейінірек белгілі болған. Оқиғадан соң Месси дереу қолын көтеріп, кешірім сұраған.

“Мен “Реалдың” жанкүйерімін. Мессиді бұрын жақсы көрмейтінмін, енді мүлде ұнатпайтын болдым. Сол кезде көзіме күн сәулесі түсіп қалды. Содан көлегейлеп қолымды көтергем. Сол сәтте қатты соққының тигенін сездім. “Барселона” өкілдері менімен хабарласып, көмек көрсеткендерін айтты. Мен олардан “Реал” мен “Барса” арасындағы ойынға билет сұрадым”, – дейді Тахуэло.

Еске сала кетсек, “Барселона”-“Вильярреал” арасындағы ойын 2:2 есебімен аяқталды.

Талқылау