Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық футбол клубы Лионель Мессиге шақырту жіберді

Қазақстандық премьер-лиганың "Тұран" клубы желідегі ресми парақшасында аргентиналық шабуылдаушыға ұсыныс жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

"Лео Месси, сізді Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанға шақырамыз", – делінген клубтың жазбасында.

Еске сала кетейік, кеше атақты аргентиналықтың каталондық "Барселонадан" кететіні расталды. Оған біраз клубтар қызығушылық танытуда. Олардың қатарында франциялық ПСЖ мен ағылшындық "Манчестер Сити" бар.

"Тұран" ҚПЛ турнирлік кестесінде 18 ұпаймен 12-орында тұр. Ол кестеде соңғы тұрған "Жетісудан" сегіз ұпай жоғары жинаған. Клубтың үздік шабуылдаушысы Темірлан Әміров төрт гол соққан.

Талқылау