Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лионель Месси 2015 жылдың үздік футболшысы атанды

«Барселона» командасының шабуылшысы Лионель Месси 2015 жылдың үздік футболшысы атанып, Globe Soccer Awards сыйлығын иеленді.

1433626540_messi

Ол бәсекелестері «Ювентустық» Джанлуиджи Буффон мен «Реал» форварды португалдық Криштиану Роналдуды басып озды, деп жазады шетелдік БАҚ.

Үздік клуб атағын «Барселона» алды, ал жаттықтырушылардан Бельгия құрамасының жаттықтырушысы Марк Вильмотс үздік атанды.

Жеңімпаздарды құрамында футбол әлемінің атақтылары бар қазылар анықтады.

Еске сала кетейік, 2015 жылы Месси 5 титулды жеңіп алды, Испания чемпионы атанды, ел Кубогы мен УЕФА Суперкубогының иегері болды. Сондай-ақ чемиондар Лигасы мен Клубтық әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.

 

Талқылау