Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Linkin Park рок-тобының солисі асылып өлді

Linkin Park америкалық рок-тобының солисі Честер Беннингтон өз-өзіне қол салды.

xw_1431120

Әнші 20 шілде күні Калифорния штатының Лос-Анджелес округіндегі өз үйінде асылған күйі табылған. Әнші екі рет үйленген, артында алты баласы қалды.

Честер Беннингтонесірткі мен ішімдік тәуелділігіне қарсы ұзақ жылдар бойы күресіп келген. Бұған дейін де бала кезінде қкөрген қиындығын айтып өзіне қол салғысы келгенін мәлім еткен.

Әнші 41 жасында көз жұмды.  Ол мамыр айында асылып өлген гитарашы Крис Корнелломен жақын дос болған.

Linkin Park тобы – 1996 жылы Xero атауымен құрылды. 2000 жылдан бастап соңғы атауына ие болып, белгілі «Грэмми» сыйлығына алты рет ұсынылып, оның екеуінде жүлдені қанжығаларына байлады. 30 миллион данамен шыққан топтың Hybrid Theory атты алғашқы алюбомы оларға әлемдік танымалдылық алып келді.

Тағы да оқыңыз:

Француз әншісі сахнада тоқ соғып ажал құшты

Димаш әлемдегі ең үлкен музыкалық марапаттардың бірін еншіледі

Қытай билігі Құдайға сенген азаматтарды қатаң жазалайтындарын мәлімдеді

Талқылау