Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Линдси Лохан ресейлікке күйеуге шығуға келісімін берді

Актриса Линдси Лохан ресейлік Егор Тарабасовқа тұрмысқа шығатынын жариялады. Ресейлік актрисаға өткен жексенбіде ұсыныс жасаған. Лоханның отбасы да бұл таңдауды құп көріпті. Әзірге тойдың қашан болатыны белгісіз.

ыыы

Сурет kp.ru

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

29 жастағы Лохан мен 22 жастағы Тарабасов бес айдай уақыт бұрын Нью-Йоркте танысқан. Актрисаның таңдаған жігіті туралы әзірге көп ақпарат жоқ. Белгілісі, әкесі Дмитрий Тарабасов ірі транспорттық компания мен бірнеше дүкендердің иесі. Егор Мәскеуде туып-өсіп, қазір Лондонда Home House Estates жылжымайтын мүлік агенттігінің шаруасын жылжытып отыр.

Линдси Лохан киноға бала кезінен бері түсіп келеді. “Ата-аналарға арналған тұзақ” (1998) комедиясында басты рөлді ойнаған. Мұнан кейін де ол бірнеше танымал картиналарға түсті. Актриса соңғы кездері даулы оқиғалардың ортасында жиі қалып жүр. Ол алкогольдік және есірткіге тәуелділіктен емделіп, талай рет соттың да алдына келген. Ол жол ережесін бұзды деп айыпталған. Актриса бұрын тұрмыс құрмаған.

Талқылау