Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы жасөспірімдер олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Лиллехаммерде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева қола жүлдеге қол жеткізді.

photo_34401

Сурет vesti.kz сайтынан алынды

Ал алтын мен күміс жүлдені ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар Полина Цурская мен Мария Сотскова еншіледі. Элизабеттің қоласы – осы олимпиада ойындарындағы Қазақстан қоржынына түскен екінші медаль. Осыған дейін биатлон сайысында Арина Пантова да қола жүлде сыйлаған еді.

Талқылау