Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лилия Рахтың төртінші серіктесінің есімі белгілі болды

Сән әлемінің белгілі тұлғасы Лилия Рахтың адам ұрлау ісіне қатысы бар делінген төртінші күдікті де тұтқынға алынды. Бұл туралы Алматы қалалық Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

12771813

“Күдікті Бақыт Шалбаевты ҚР ҚК 125 бабы 2 бөлімі негізінде 2 ай мерзімге тұтқынға алу туралы шара қабылданды”, – деп хабарлады сот.

Соттың мәліметі бойынша қазіргі таңда Рахпен бірге Мири Паз және Ислам Месиров тұтқында отыр. Олардың барлығы өзбек азаматы Хамро Сувановты ұрлады деген күдікпен 2 ай мерзімге қамалды.

Сот сондай-ақ, ұрлау оқиғасының Алматы әуежайы аумағында болғанын да хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда қазақстандық кәсіпкер Лилия Рахтыңтұтқындалғаны жайында хабарланған болатын. 2016 жылдың 9 шілдесінде Алматы полициясына 33-жастағы Өзбекстан азаматының жоғалғаны жайында шағым түсірген. Құқық қорғау органдары ер адамның ұрланғанын және оны жалдамалы пәтерде ұстағанын анықтаған еді.

Оқи отырыңыз:

Алматы полициясы танымал кәсіпкер Лилия Рахтың неліктен тұтқындалғанын ресми хабарлады

Тұтқындалған белгілі кәсіпкер Лилия Рах туралы не білеміз (фото)

Талқылау