Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лилия Рах өзіне қолдау көрсеткен жандарға алғыс айтты

Дизайнер әрі Лилия Рахтың досы Алексей Чжен өзінің инстаграмдағы парақшасында  Лилия Рахтың жазбахатын жариялады.

12771813

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлады.

Онда қамауға алынған сән индустриясы саласындағы белгілі кәсіпкер өзіне және отбасына қолдау көрсеткен жандарға рахмет айтқан.

«Мен, Лилия Рах, мені және балаларымды қолдап отырған жандардың бәріне алғыс айтамын. Маған сенгендеріңіз үшін рахмет. Қазір мен үшін ең бастысы да – сіздердің маған деген сенімдеріңіз бен мейірімдеріңіз», – делінген жазбахатта.


Естеріңізге сала кетейік, жуырда қазақстандық кәсіпкер Лилия Рахтың тұтқындалғаны жайында хабарланған болатын. 2016 жылдың 9 шілдесінде Алматы полициясына 33-жастағы Өзбекстан азаматының жоғалғаны жайында шағым түсірген. Құқық қорғау органдары ер адамның ұрланғанын және оны жалдамалы пәтерде ұстағанын анықтаған еді. Соттың мәліметінше, Лилия Рахпен бірге Carmen зергерлік үйінің иесі Мири Паз және Ислам Месиров есімді азамат екі айға қамауға алынды. Сонымен қатар, адам ұрлау Алматы әуежайында жүзеге асқаны мәлім болды.

Жіберіп алмаңыз: 

Алматы полициясы танымал кәсіпкер Лилия Рахтың неліктен тұтқындалғанын ресми хабарлады

Тұтқындалған белгілі кәсіпкер Лилия Рах туралы не білеміз (фото)

 

Талқылау