Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

#LikeLatiInQazaqhstan: Қазақстандықтар латын әліпбиіне көшуді қалай қолдады

Жуырда қазақстандықтардың латынға көшуін қолдауға бағытталған фото байқау өткен болатын. Аталған байқаудың жеңімпаздары белгілі болды. Оларға экшн-камералар сыйға тартылмақ.

Сурет: Әлеуметтік желіден

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Байқау 15 қыркүйек пен 9 қазан аралығында өтті. Оны “Қазақстан-2050” ұлттық қозғалысы ұйымдастырған. Ұйымдастырушылар уәде еткендей үш жеңімпаз анықталды. Ал суреттерді #LikeLatiInQazaqhstan хэштегі арқылы көруге болады.

Аталған байқауға Қазақстан, АҚШ, Ресей, Сингапур, Ұлыбритания, Израиль, Франция және Норвегия сынды мемлекеттерде жүрген желі қолданушылары қатысты. Олардың жалпы саны үш жүзді құрады.

Байқауға қатысушылар желідегі “Қазақстан-2050” қозғалысының парақшасына жазылып, өздерінің парақшаларында #LikeLatiInQazaqhstan хэштегімен сурет жариялаулары тиіс болатын. Соңында осы 300 суреттің ішінен ең үздік үшеуі таңдалды.

Олар – желіде nazi_alish, zhamila.sarsenbai, nata_rudenko_2015 есімдерімен тіркелген азаматтар.


Жіберіп алмаңыз:

Бір жасынан бері салмақ қоспаған сәби жұртты шошытты (фото)

Салафизмнің ықпалына түскен қазақ әйел екі баласын алып күйеуін тастап кеткен

Сот бизнесмен Қайрат Жамалиевті мерзімінен бұрын босатудан бас тартты

Шымкентте анасы өлімші етіп сабаған 7 жасар бала тағы да ауруханаға түсті

Талқылау