Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лифтінің ішінде қайтыс болған қытайлық азаматша 30 күннен кейін табылды

Қытайлық Сиань қаласында істен шыққан лифтінің ішінен 43 жастағы әйелдің мүрдесі табылды.

The Guardian басылымы жөндеу бригадасының істен шыққан жеделсатыны қайта жөндеуге кіріскенде, сынған кабинаның ішінен 43 жастағы әйелдің мүрдесін тапқанын хабарлайды.

Әйелдің мүрдесі онда 30 күннен астам жатқан. Осы уақытта оның жоғалғаны туралы ешкім хабарламаған, себебі ол жалғыз тұрып, туыстарымен көп араласпайтын.

Қазіргі кезде әйелдің өлімі табиғи себептермен болғаны белгілі болды, бірақ жұмыскерлердің салғырттығы болмаса, ажалдан аман алып қалу да мүмкін еді.

Оқиға фактісімен тергеу амалдары басталды.

ҚазАқпарат

Талқылау