Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лифтідегі би: Алматылық ұры велосипед ұрлаймын деп күлкіге қалды (видео)

Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде орналасқан бейнебақылау камерасына жас жігіттің велосипед ұрлағанға дейін лифтіде би билегені түсіп қалған. Ал бейнебақылау камерасынан алынған видео ғаломтарда тарап кетіп, желі қолдануышыларды бір күлдірді.

Лифтідегі би: Алматылық ұры велосипед ұрлаймын деп күлкіге қалды (видео)

Бұл туралы Inalmaty.kz  хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ұрлық Алматыдағы Ақкент ықшам ауданында түнгі сағат 01:40-та болған. Ұрлық жасаған азамат лифт арқылы тоғызыншы қабатқа көтеріліп, велосипедті алып, баспалдақпен түскен. Видеодан велосипед ұрлаймын деп жұртқа күлкі болған жігіттің ұрлық жасар алдында қалай билегін көруге болады.

«Бұл тағдыр тәлкегіне ұшыраған бала туралы оқиға. Ол, өмір сүру үшін ұрлық жасауға мәжбүр болды. Бірақ, ол жүрегінің түбінде әрдайым сахнаға шығып, билеуді армандайтын жігіт»,-деп жазған желі қолданушылардың бірі.

«Ұрлық жасар алдындағы қуанышты көңіл-күй», – деген басқалары.

Талқылау