Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лидо жолдасымен бірге енді Римде саяхаттап жүр (фото)

Әнші Лидо тағы да отбасымен шетелде демалып жатыр. Бұл жолы олар Римге баруды жөн көрді.

14156213_925810370880859_1569926071_n

Фото: instagram.com/lido_kz/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Лидо Түркияда демалып келген соң отбасымен өкпе қабындыратын вирус жұқтырып алған болатын. Ол тіпті осының салдарынан қатты шаршап жүргенін айтқан-ды. Осыған орай, әнші отбасымен бірге тағы да шетелге шығуды жөн көрсе керек. Бұл жолы олар Римге барды.

“Менде барлығы жақсы. Кеше Римге келіп, бүгін күні бойы қаланы араладық. Римнің кез келген жерінен мәдени ошақтарды табуға болады. Өкінішке орай, бұл жерге бір күнге ғана келдік. Ал қыдыратын жерлеріміз әлі де көп еді. Жаратқан жазса, бұл жерге тағы да ораламын!”, – дейді Лидо.

14350894_1593076634320566_730707352_n

14276601_1289427487734544_843827645_n

Бір күн ішінде әншінің жолдасымен бірге біраз жерге барып қайтқанын байқауға болады. Осының дәлелі ретінде ол инстаграм парақшасына саяхатының суреттерін жүктеді.

“Флавиев амфитеатры немесе Колизей – біздің дәуірімізге дейін сақталған ежелгі мәдени ошақтардың бірі. Оны б.з.д. 72 жылдан бастап сала бастаған. Жалпы құрылыс жұмыстары 8 жылға созылған екен. Кеш құттықтап жатқаным үшін айыпқа бұйырмаңыздар. Жанұяларыңыз бақытты болсын!”, – дейді әнші.

14262775_1265624496789299_1411236150_n

14334461_829444327155255_364696324_n

Жеке өміріне қатысты ақпаратты жасыратын Лидо бұл жолы жолдасымен түскен суретін жариялады. Мұнымен қатар, ғашықтар Италия мен Швейцарияның ортасын бөліп тұрған әйгілі Лугано көліне барған екен.


Жіберіп алмаңыз:

Тыңдармандары Түркияда қамсыз демалып жатқан Лидоның батылдығына таң қалды (фото)

Лидоның жалаңаш суреттерін көрген желі қолданушылары әншінің сымбатына таң қалысты

Лидо өзінің “Лабутен” туфлиін көрсетті

Лидо бала кезіндегі қызықты суреттерін жариялады

Талқылау