Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лидо: Күйеуімнің немен айналысатынын білмеймін

Үш жылға жуық отбасымен Америкада тұрып келген әнші Лидо өзге мемлекетте күйеуінің қандай жұмыс істегенін білмейді. Бұл туралы Stan.kz Тимур Балымбетовтың "Ашығын айтқанда" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Шынымды айтсам, білмеймін. Ол да айтпайды. Егер мен оның жұмысын түсіне бастасам, өзімнің жұмысым мен отбасыма ғана алаңдамаймын. 

Күйеуімнің жұмысын да ойлап, уайымдап жүремін. Сондықтан оны білгім келмейтінін түсіндім. Бұл мәселеге келгенде күйеуіне бағынышты шығыс әйелі бола саламын. 

Оның қалай ақша табатынын білмеймін, бастысы ақша табады. Сондықтан да жеке шаруасы болып қалсын. Себебі мен өте қатты секемшілмін, қабылдауым да тым жоғары. 

Мен тіпті, ауыр фильмдер көрмеймін. Себебі одан кейін өзімді бос сезіне алмаймын, апталап сол фильмді ойлап жүруім мүмкін. Тек комедия мен мультфильмдерді ұнатамын", – дейді өнер иесі.


Медеу Арынбаевтың қызы: Әкемнің үйленуіне қарсы емеспіз


15 жасынан бастап еңбекке араласып, жұмыс істеп үйреніп қалған әнші декретте отырған шақта күйеуінен ақша сұрауға қиналғанын жеткізді. 

"Күйеуімнен ақша сұрауға қиналатынмын. Бағыма орай, ол өте жомарт жан. Бар болса, ала бер, тіпті "сұрамай-ақ қой, неге керегін айтпай-ақ қой" дейді. Бірақ мен де басынбаймын. Мысалы, бірдеңе алғым келсе, сатуға болатын затымды сатып, орнына аламын", – дейді Лидо.

Сондай-ақ 4 бала тәрбиелеп отырған әнші олардың тәрбиесіне келгенде қатал екенін, керек болса, дауыс көтеретінін де жасырмай айтты. 

Талқылау