Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лидия Кәденова әже атанды

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Лидия Кәденова немерелі болып, әже атанды. Актрисаның жалғыз ұлы, актер Дидар Кәденге жұбайы шекесі торсықтай ұл сыйлады.

20161019082022

Бұл туралы әке атанған актер өзінің инстаграмдағы парақшасында хабарлап, елден сүйінші сұрады.

«Үшеу едік, төртеу болдық! Аллаға сансыз шүкір! Құттықтауларыңзға рахмет!» – деп жазды ол.

Қуанышты жаңалық жеткен кезде Дидар отандық телеарналардың біріне түсірілімге барған екен. Телепродюсер Әйгерім Самалбекқызы түсірілім барысында Дидардың өз кезегін күтіп отырғанын жазған еді. Продюсер басқа әртісті түсіріп, Дидарды шақыруға қайта келсе ұлды болған әкенің кетіп қалғанын білген.

Айта кетейік, Дидар Кәден қазақстандық «Шлагбаум» атты фильмде басты рольдердің бірін сомдаған. Сондай-ақ әншілік қырынан танылып жүрген жігіт 2015 жылы шаңырақ көтерген еді.

Жіберіп алмаңыз: 

Алматының салықшылары есеп машинкасын таныту үшін Нұрлан Абдуллинді ханға «айналдырды»

Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуіне қатысты сот отырысына келді (видео)

Қазақстандық жұлдыздар аң терісін таңдайды: күздің 12 үздік образы (фото)

Шетелдік хит әндерге жердің шаңын шығарып билеген Әбдірайымов таңқалдырды (видео)

Талқылау