Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Левиттің қарсыласы Тищенкоға екі бөлмелі пәтер сыйлады

Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиаданың чемпионы атанған Евгений Тищенкоға Белгород қаласынан 2 бөлмелі пәтер сыйға берілді.

3f30749a40f359f7487b646b3d5371c7

Фото: beladm.ru

Пәтер кілтін қала басшысы Константин Полежаев табыс етті. Қала басшысы Тищенкоға мемлекетпен қатар Белгородты әлемге танытқаны үшін алғыс айтты. Әкім қала тұрғындарының атынан екі бөлмелі пәтерді сыйға тартты.

Еске сала кетсек, Василий Левит Рио олимпиадасының күміс жүлдегері атанған еді. Ол финалда ресейлік Евгений Тищенкомен кездесіп, қазылар шешімімен 3:0 есебімен жеңілген. Левиттің жекпе-жек бойына басым болып, қарсыласының соққының астына ала тұра жеңілуіжанкүйерлер мен спорт мамандарының ашуын тудырған.

AIBA ережесі бойынша, ел федерациясы жекпе-жек нәтижесіне қатысты шағым түсіре алмайды. Кейінірек аталмыш кездесуге қазылық жасағантөрешілердің спорттық шаралардан шеттетілгені мәлім болды.

Алайда Левитті барша жанкүйерлер мен спорт функционерлері қызу қолдап, оған “алтын” алған спортшыға тағайындалған сыйақының да берілетіні белгілі болды. Ал қазақстандық әзілкештер болса, аталмыш жекпе-жекке қатысты қалжың ролик түсіріп, желіде ресейлік боксшыны әжуалады.

Талқылау