Лесби бойжеткен сексуалды көзқарасы жайлы ашық айтып берді

Дүйсенбі, 25 Сәуір , 2016 11:45

25 жастағы Дина есімді лесби бойжеткен өзінің сексуалды қатынасы мен көзқарасы жайында баяндап берді. Оны өзге қыздардан ажырату мүмкін емес. Ол да басқа қыздар секілді киінеді, басқа қыздар секілді ойлайды. Алайда, қыздарға құрбы ретінде емес, ер адамның көзқарасымен қарайды.

620499-7

Сурет: gigamir.net 

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Динаның ер адамдармен ешқашан қатынасы болмаған. Ол мұндай шешімге 13 жасында келген екен.

«Бала кезімде журналдарды ашып, қыздардың суретін көргенде одан ләззат алатынмын. 13 жасымда көрші қызға ғашық болдым. Бірақ ол бұл ойымнан бейхабар еді. 16 жасқа толғанымда ата-анам менің жыныстық қатынас жайлы жазған хатымды оқып қойды. Бірақ оны балалығыма балады. Қазір анам менің тұрмысқа шыққанымды қалап, небір жігіттермен таныстырады», – дейді Дина.

25 жастағы бойжеткеннің жағдайын білгендер оның өткінші екенін, уақыты келгенде тұрмысқа шығып, барлығын ұмытатынын айтады екен. Алайда, Динаның бұл ойға көнгісі жоқ.

«Біздің ғаламторда жеке бірлестігіміз бар. Өйткені көзқарасымыз жайында бәріне бірдей айта бермейміз ғой. Ең алғаш 16 жасымда 19 жастағы қызбен қатынас құрдым. Біз біраз уақыт кездесіп жүрдік. Бірақ, кейіннен ол өзгемен қатынас құрды. Мен оны кешірдім, алайда бірге тұра алмадым. Менің 15 шақты қызбен жақын қатынасым болды. Бір кездескен қызбен төсекте жақындасуға асыға қоймаймын. Онымен біраз уақыт сөйлесіп, кездесіп, біліскен соң ғана жақындасамыз. Төсек қатынасы болу үшін де алдымен сенім болу керек», – дейді бойжеткен.

Тек қыздармен көңіл қосатын бойжеткен ер адамдарға тұрмысқа шығатын әйелдердің де осындай қатынасқа баратынын айтады. Өйткені оларды ер адамдардан гөрі әйелдер көбірек түсінеді екен.

«Лесби қыздарды өзге қыздардан оңай ажыратуға болады. Олардың темекі шеккені де өзгеше болады. Сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Әйтеуір, кездескенде біліп тұрамыз. Мен опасыздықты талай бастан кештім. Үш жыз бір қызбен кездесіп жүрдім. Кейін оның ер адамға тұрмысқа шыққаны, маған ауыр соққы болды. Менімен кездескен қыздарда маған деген тек симпатия болады. Яғни, менің сезіміме жауапсыз қарайды. Алайда, маған төсек қатынасты маңызды нәрсе емес. Бастысы, маған да шынайы болатын махаббатымды кездестірсем екен деймін», – деп бойжеткен мұңымен бөлісті.

Айжан Кеңес

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Анонимно says:

    Толық атын қалай вк да барсын ба

  • Анонимно says:

    Маганда төсек маңызды емес шынайы махаббат болғанын ким каламайт

  • Анонимно says:

    Соң ғы жак дұрыс айттың

  • Жұмбақ жан says:

    Уф. Не десем екен. Азғындық қой мынау деген.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар