Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Леонардо Ди Каприо үшінші рет «Алтын глобус» сыйлығын алды

NBC арнасы көрсететін Голливуд шетел баспасөзі қауымдастығының наградасын табыстаудың 73-ші рәсімінде Леонардо Ди Каприо «Выживший» фильміндегі үздік драмалық рөлі үшін «Алтын глобус» сыйлығын иеленді.

алтын глобусс

Ең үздік ер адам рөлі наградасына үміткер ретінде өткен жылғы лауреат  Эдди Редмэйн («Девушка из Дании»), Майкл Фассбендер («Стив Джобс»), Уилл Смит («Защитник») және Брайан Крэнстон («Далтон Трамбо») бар.

«Золотой глобус» сыйлығы Голливудте аккредиттелген шетел журналистері  белгілейтін кинофильмдер мен телевизиялық картиналар үшін 1942 жылдан бастап беріліп келеді. Қауымдастықта әлемнің 55 елінен 90 репортер бар.

2015 жылы «Алтын глобус» нұсқасы бойынша үздік актер атағын байопикте Стивен Хокинг рөлі үшін Редмэйн алған болатын, деп жазды  РИА Новости .

Жарыстың фавориті саналған Ди Каприоның бұл – үшінші «Алтын глобусы»,   ол «Авиатор» (үздік драмалық актер) және «Волк с Уолл-стрит» (үздік комедиялық актер) фильмдеріндегі рөлдері үшін HFPA наградасын бұрын да алған. Киносыншылар «Глобус» атағын алу «Выживший» фильміндегі рөлі үшін актердің Оскар сыйлығын алуға мүмкіндігін арттыра түскенін айтты.

 

Талқылау