Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ди Каприо жаңа қалжың суреттердің кейіпкеріне айналды (фото)

«Оскар» сыйлығын тапсыру салтанаты кезінде барлаушы қыздар печенье сатқан. Соның бір қаттамасы Ди Каприоның қолына түскен. Дәл сол сәтті фотографтар суретке түсіріп алған екен.

йй

Сол сурет фотошоппен өңделген суреттерге ұласты.  Reddit сайтында арнайы жасанды суреттер бөлімі бар. Бөлімде осындай фотошопен өңделген танымал суреттер жарияланған.

нн

Ол суреттердің бірінде актер печенье емес, шоколод түріндегі Оскар сыйлығын ұстап тұрғаны бейнеленген. Екіншісінде аюдың шикі бауыры тұр. (Бұл сурет актердың «Аман қалғандар» фильміндегі оқиға желісі негізінде жасалған).

ннн

Тағы бір суретте Ди Каприоның ақша санап тұрғаны және Магнетоның актердың Оскар сыйлығын ұрлап әкетпек болған сәті жасалған.

ыыв

Ғаламтор қолданушыларының барлығы дерлік Ди Каприоның жеңісіне қуанған еді. Бұған дейін актерға жүлдені қалай олжалау керектігі жайында арнайы ойын да жасалған.

вв

Айта кетейік, осыған дейін Леонардо Ди Каприоның «Оскар» сыйлығымен марапатталғаны жайында хабарлаған болатынбыз.

ыы

Талқылау