Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Леонардо Ди Каприо тұңғыш “Оскарына” қол жеткізді

Американың Лос-Анджелес қаласындағы Dolby Theatre сахнасында Америка киноакадемиясының 88-ші “Оскар” марапаттау шарасы өтіп жатыр. Танымал актер Леонардо Ди Каприо алтыншы мәрте үміткерлер қатарына еніп, бірінші рет әйгілі сыйлықты еншілеп отыр.

ДИ каприо

Леонардо Ди Каприо “Оскар” сыйлығын “Оралған әруақ” фильміндегі “үздік ер адам рөлі” үшін алды. Мексикалық режиссер Алехандро Иньяраттудың бұл туындысы көрермен назарына ұсынылғалы бері қызу талқыға ұшырап келе жатыр. Фильмде Хью Гласс есімді аңшы америкалық Жабайы Батыстың шексіз даласында жарақат алады. Қасындағы жолдасы оны жалғыз тастап кетеді. Ол сатқын досынан кек алу үшін қатал табиғат пен суық қысқа, үнді тайпаларына қарсы күресуге дайын.

41 жастағы актер осыған “Алтын глобус” сыйлығын үш рет иеленген. Сондай-ақ, BAFTA сыйлығының да иегері.

Талқылау