Леонардо Ди Каприо мен Бри Ларсон Critics’ Choice сыйлығымен марапатталды

Дүйсенбі, 18 Қаңтар , 2016 12:50

“Жансебіл” және “Комната” картиналарындағы рөлдері үшін Леонардо Ди Каприо мен Бри Ларсон АҚШ кино сыншыларының Critics’ Choice сыйлығын иеленді. Марапаттау рәсімі ұйымдастырылған салтанатты кешті A&E телеарнасы тікелей эфирде таратты.

FrnM

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұл аталымға «Марсианин» фильміндегі рөлі үшін Мэтт Дэймон, Джонни Депп («Черная месса»), Эдди Редмэйн («Даниядан келген қыз»), «Стив Джобс» фильміндегі басты рөлді сомдаған Майкл Фассбендер мен «Трамбо» фильміндегі кейіпкерді бейнелеген Брайан Крэнстон да үміткер атанған болатын.

Үздік актриса атағына үміткер болған Кэйт Бланшетт («Кэрол»), Дженнифер Лоуренс («Джой»), Шарлотта Ремплинг (“45 жыл”), Сирша Ронан («Бруклин») және Шарлиз Терондар («Есуас Макс») ұсынылғанымен, жеңіске “Комната» фильміндегі рөлі үшін Бри Ларсон лайықты деп танылды.

6161

АҚШ (BFCA) кино сыншылар қауымдастығының 300 сыншы мүшесі бар. Бұл марапат өнер қайраткерлеріне жыл сайын беріледі. BFCA АҚШ пен Канададағы ірі кино сыншылар қауымдастығы болып саналады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар