Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Леонардо Ди Каприо биыл Астанаға келетін болды

Танымал голливудтік актер, “Оскар” сыйлығының иегері және БҰҰ-ның климат мәселелері бойынша елшісі Леонардо Ди Каприо биыл Астанаға ат басын бұратын болды. Актер Қазақстан үкіметі мен бүкіләлемдік жолбарыс популяциясын қайта жаңғырту бойынша жабайы табиғат қоры арасындағы келісім салтанатына қатыспақ. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

be777bebbe471ffe974b2f6325b1bcac

G-Global дамуы және “жасыл экономика” үшін Коалициясы басқарма төрағасы Салтанат Рахымбекованың айтуынша, өткен жылы “Жасыл көпір” серіктестік даму бағдарламасы аясында Коалиция Қазақстанда кем дегенде 30-40 жыл жұмыс істейтін үлкен келісімге дайындықты бастап кеткен. Айтуынша, бұл бағдарлама Іле-Балқаш өңіріндегі экожүйені және жолбарыстар популяциясын қалпына келтіруге бағытталған.

Жабайы табиғат қоры (WWF) бұл ұсынысты Қазақстанда жүзеге асыру туралы бірнеше жыл бұрын қозғаған. Енді биыл алғаш рет іске аспақ. Рахымбекованың сөзінше, осы іс бойынша нақты қадамдар бүгіннен басталады.

“Біз жабайы табиғат қорымен бірге біздің үкімет пен қор арасындағы үлкен келісімді дайындап жатырмыз. Оның бірінші кезеңіне 10 млн евро жұмсалады. Келісімге 2017 жылдың 8-9 қыркүйегінде “ЭКСПО” көрмесі қарсаңында қол қойылады. Жабайы табиғат қоры тарапынан делегация қатарында Нидерланды ханшайымы Лаурентин де болады деп күтілуде. Ол қордың Нидерланды климаты өзгерісі бойынша жетекшісі. Сондай-ақ, БҰҰ-ның климаттың өзгеруі және WWF жолбарыстар бағдарламасы бойынша елшісі Леонарда Ди Каприо да бар. Сондай-ақ, бұл қатарда танымал ғарышкерлер де келеді”, – деді Салтанат Рахымбекова.

Қазіргі таңда министрлік пен “Астана ЭКСПО-2017” ұлттық компаниясы салтанатты рәсім өткізілетін орынды анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз:

Астанадағы Сирия келіссөздері кезінде журналистер төбелес шығарды

Жаңа министр Мәскеуде жұмыс істеп жүріп қазақ тілін ұмытып қалған

Айсұлтан Назарбаев Жақсыбеков пен Тасмағамбетовке қарсы шықты

Нұрсұлтан Назарбаев үш мектеп оқушысының тілегін орындады

Талқылау