Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ленинградтан шыққан Маргарита Луи-Дрейфустің таңғажайып тағдыры (фото)

Байлығы 6,4 млрд долларға жететін Маргарита Луи-Дрейфус әлемдегі ең бай әйелдердің бірі саналады. Ресейде туған кәсіпкер әйелді француз басылымдары “патшайым” деп атаған.

MargaritaLouisDreyfus32

Бұл туралы bigpicture.ru сайты хабарлайды.

1988 жылы ұшақта өзінің болашақ күйеуі Робер Луи-Дрейфусті кездестіргеннен кейін оның өмірі біржолата өзгерді. Бірнеше жыл өткен соң Робер аққан ауруынан қайтыс болып, Маргарита оның шикізат компаниясының басқару билігін өз қолына алып, Швейцария Ұлттық банкінің бұрынғы басшысымен кездеседі.

Ендеше, оның таңғажайып өміріне аз-кем саяхат жасайық.

Маргарита Луи-Дрейфус (Богданова) 1962 жылы 1 шілдеде Ленинградта дүниеге келді. Өкінішке қарай, ол 7 жасқа толғанда ата-анасы теміржол апатынан көз жұмған. Сондықтан қызды атасы Леонид Богданов бағып-қағып өсірді. Жас қыз білімге құштар болып, Мәскеу мемлекеттік университетінде оқыды. Ал атасы 1985 жылы қайтыс болды. Маргарита сондай-ақ, Ленинград университетінде де экономист мамандығын тәмамдап шықты. Жоғары білім алғаннан соң LATRON AG компаниясының баспа өндірісіне арналған құрылғыларды сататын дүкеніне сатушы болып орналасады. MargaritaLouisDreyfus03 MargaritaLouisDreyfus04

1980 жылдың соңында ол Кеңес Одағына арнайы ауысыммен келген швейцариялық студентке күйеуге шықты. Алайда бақыттары ұзаққа созылған жоқ. Күйеуінің кім екені және тойдың қашан болғаны да белгісіз. Ал 1988 жылы Цюрихтан Лондонға бет алған Маргарита ұшақта Робер Луи-Дрейфуспен танысады. Робер Луи-Дрейфус белгілі америкалық актриса Джулия Луи-Дрейфустың немере ағасы. Робердің өткен өмірі де қызық.

Бай әрі білімді отбасында дүниеге келген ол, оқуға тіпті бейімі болмай бакалаврды тастап кеткен. Бірақ, ол покер ойнауда алдына жан салмайтын. Бизнесте жолы болған Робер банкротқа ұшырауға жақын қалған Adidas және Saatchi & Saatchi компанияларын құтқарып, аяғынан тұрғызған. MargaritaLouisDreyfus06 MargaritaLouisDreyfus08 MargaritaLouisDreyfus09

1992 жылы екеуі үйленіп, Маргарита толыққанды Швейцария азаматы атанады. Бұл жұптан – Эрик және Кирилл, Морис есімді егіз балалар дүниеге келді. Бұл уақытта Робер өзінің байлығын еселеп арттырып, 1996 жылы Франциялық “Олимпик Марсель” футбол клубының ірі акционері атанды. 2000 жылы шикізат тауарларымен айналысатын отбасылық компаниясына қайта оралып, ауылшаруашылық саласына араласты. Алайда, ол 2009 жылы аққан ауруынан көз жұмады. MargaritaLouisDreyfus11 MargaritaLouisDreyfus13 MargaritaLouisDreyfus14

Осыдан соң Маргарита Louis-Dreyfus Group-тың директорлар кеңесінің төрайымы және “Олимпик Марсельдің” де басшылығына келді. Ол компания басшылығында өзінің күрескерлігін, қайраткерлігін танытты. 2012 жылы Bloomberg-ке берген сұхбатында Louis-Dreyfus Commodities Group-ты Робердің мұрагерлері үшін сақтап қалғысы келетінін айтқан. Анасының айтуынша, қазір 18 жастағы егіздер Кирилл мен Морис “жаңа мәдениетті танып, өздерінің таным көкжиектерін кеңейту үшін” Сингапурдегі мектепке барады екен. Ал 23 жастағы ұлы Эрик Glencore алпауыт компаниясында тәжірибеден өтуде. MargaritaLouisDreyfus18 MargaritaLouisDreyfus21 MargaritaLouisDreyfus23

2012 жылы ол компанияның энергетикалық бизнесін сатып, өзінің үлесін біршама көбейтті. Бірақ, оның жеке өмірі де назардан тыс қалмады. 2013 жылы 52 жастағы Швейцария Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Филипп Хильдебрандты кезіктіреді. Олардың кездесетіні туралы ақпарат көп болмаса да, аз-маз фотолар бар. Мында, олар 2015 жылы Францияның бұрынғы президенті Никола Саркозимен бірге.MargaritaLouisDreyfus27 MargaritaLouisDreyfus31

Ал жуырда Маргаританың жүкті екені де анықталды. Кәсіпкер әйел сәуір айында босанады деп күтілуде. MargaritaLouisDreyfus26

Талқылау