Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Ленфильм» киностудиясы Ди Каприоны Ленин рөлін сомдауға шақырмақ

Петербургтің «Ленфильм» студиясы голливуд актеры Леонардо Ди Каприомен бірлесе жұмыс істеп, оның қалауы бойынша, Владмир Путин, Григорий Распутин және Владимир Лениннің образын сомдауға шақыруға құлықты.

225acf3e7488754d1af023693ebd3559

Бұл туралы Радио Балтика кинокомпаниясының баспасөз хатшысы мәлімдеді.

«Көрермендер көп қарайтын кино түсіру әрдайым қызықты. Әсіресе, Леонарда Ди Каприо Лениннің жас кезін сомдағаны өтімді болар еді. Бізде бұған қатысты, революция кезеңін айнытпай шығару үішн көркемдік мәліметіміз жетерлік», – дейді «Ленфильм» өкілі.

Аталған фильмнің қоюшысы қызметін Мемлекеттік Думаның төраға орынбасары Владимир Бортко атқарғысы келеді. Ол «Собачье сердце», «Цирк сгорел, и клоуны разбежались», «Блондинка за углом», «Бандитский Петербург» сериалын түсірген еді.

Григорий Распутин қаза болған Дворец Юсуповых на Мойке ескерткіші Ди Капроиның рөлді сомдап шығуа көмектесетінін, ал мұражай басшысы Нина Кукурузова актер үшін жеке экскурсияға рұқсат беретінін айтты.

16 қаңтар күні Welt am Sonntag неміс газетіне берген сұхбатында Ди Каприо Ресейдің бұрынғы басшыларының, Ленин мен Распутиннің, рөлін сомдағысы келетінін айтқан. Актердың арғы тегінде орыс ұлтының да қаны бар. Оның әжесі Ресей империясында дүниеге келген. Ол, қазір әлемдік кинорежиссерлер орыс тарихы жайлы киноны аз түсіретінін айтып өтті. Оның ойынша, мұндай кино картиналар көптеп жарыққа шығуы керек.

14 қаңтарда Ди Каприо «Выжывжий» фильміндегі рөлі үшін «Оскар» жүлдесін ең үздік актер номинациясы бойынша бесінші мәрте жүлдегері атанды. Ол өзі түскен «Что гложет Гилберта Грэйпа», «Авиатор», «Кровавый алмаз» және «Волк с Уолл-стрит» фильмдерінедегі рөлі үшін жүлдегер болуға тырысып бақты. Алайда, бұл ескерткіштерді сол күйі ала алмады.

Талқылау