Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Леди Гага қорқынышты рөлі үшін “Алтын глобус” сыйлығына ие болды

Америка әншісі Леди Гага  «Американская история ужасов» сериалындағы рөлі үшін «Телеарнадағы фильмдер мен қысқа сериалдардағы ең үздік актриса» номинациясы бойынша «Алтын глобусты» иеленді.

985cf814764bdbb1f9e508dd9051a238985cf814764bdbb1f9e508dd9051a238

Бұл туралы NBC хабарлайды.

«Алтын глобус» сыйлығын фильмнің режиссеры Алехандро Иньяррит те алды. Ең үздік драматикалық әйел рөлі ескерткішін «Комната» фильміндегі рөлі үшін Бри Ларсон иеленді.

Ең үздік комедия номинациясы бойынша британ режиссеры Ридли Скоттың «Марсианин» фильмі сыйлыққа ие болды. Осы фильмде ойнаған Мэтт Деймон ең үздік комедия актеры деп танылды. «Джой» фильмінде рөлі үшін Дженнифер Лоуренс үздік комедия актрисасы болды.

Ең үздік драма «Выживший» фильмі. Леонардо Ди Каприо осы фильмдегі басты рөлі үшін осымен үшінші мәрте «Алтын глобуспен» марапатталды.

Ең үздік сценарист ретінде «Оскар» сыйлығының иегері Аарон Соркин «Стив Джобс» фильмі үшін сыйлыққа ие болды. Осы фильмде ойнаған Кейт Уинслет «Екінші дәрежелі үздік актриса» ескертшікімен марапатталды.

«Чокнутой бывшей» фильміндегі рөлі үшін Рейчел Блум «комедия фильмі бойынша үздік актриса» номинациясымен ескерткішке ие болды. «Головоломка» мультфильмінің авторлары «Алтын глобусты» иеленді. Квентин Тарантиноның «Омерзительная восьмерка» фильмінің композициясы үшін Эннио Моррикон үздік композитор деп танылды.

Үздік драмалық сериал «Мистер Робот», үздік комедия «Моцарт в джунглях» фильмі болды. «Волчий зал» қысқа сериалының автрларына сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ, өзге тілдегі үздік филльм номинациясы бойынша «Сын Саула» атты венгр фильмі де «Алтын глобус» сыйлығымен марапатталы.

«Алтын глобус» сыйлығын табыстау салтанаты 1944 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Оған Голливудте қызмет ететін құрамында 90-ға жуық халықаралық журналистері бар шетелдік баспасөз Ассоцияциясы ат салысады. Бұл сыйлық Оскардан кейінгі дәрежеге ие.

Талқылау