Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы “той әншісі” деп сыналған Ернар Айдарды жақтап сөйледі

Роза Рымбаеваның әнші Ернар Айдарға қатысты айтқан сыны халық арасында қызу талқыға түсті, сынға ұшырады. Мыңдаған тыңдарманы бар Ернар Айдар үшін Халық артисінің сөзі оңайға түспеді. “Өзбек әндерін аударып айтып жүрген той әншісі” деген Роза Қуанышқызының сөзі әріптестері арасында да қолдау таппады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Ләйлә Сұлтанқызы "той әншісі" деп сыналған Ернар Айдарды жақтап сөйледі

Мақпал Жүнісова бастаған эстрада өкілдері Рымбаеваға қарсы шыққан болатын. Бұл жолы тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Ернарды жақтап сөйледі.

“Ернар Айдар “тойдың әншісі” дей бергенмен бірнәрсе өзгере ме? Ал, солай-ақ болсын дейік, тойда да ән айтатын әнші керек қой. Әркім өз тойында сүйікті әншісін көргісі келеді, онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Тойында быт-шыт rammstein, Элджей, гречка мен монеточка билеп жатқандардың қасында Ернар просто красавчик”, – дейді тележүргізуші.

Еске сала кетейік, жақында Ернар Айдар өзін “той әншісі” деп сынаған Роза Қуанышқызына жауап берген болатын.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау