Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы “Ninety one” фильміне қатысты пікір білдірді

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы атышулы Ninety one фильміне қатысты пікір білдірді. Ол аталған топты сүйіп тыңдайтынын алға тартып, сапалы фильм шығарған режиссер Ұзабаев пен жалпы командаға алғыс айтты, деп жазады Stan.kz.

20987447_390742001322521_6692226596754948096_n

“Ұзабаевқа алғаш клипке тапсырыс берген мен едім, Кішкенбаев Алмастың əйгілі “Қал, мəңгілікке” əніне… Аскарик көрген жерде əлі күнге дейін осыны айтып жүреді, ол кезде Әділ Лиян бәріміз Hit-Tv-да істейміз. Бəріміз өстік сол жерден, қаншама әншілердің бағын ашқан арна болды. Қазіргі кезде Асқар мен Əселдің бірлесіп жасап жүрген еңбектері халық көңілінен шығуда.

Осы маусымда мен күтіп жүрген 4 фильм болса, біреуі осы… 91-ді мен де тыңдаймын, менің ұлдарым да тыңдайды. Ал, ұлдарыма мен еш уақытта мына өлең жақсы, мынау жаман деп айтпауға тырысамын. Таңдау шектен шыққан жағдайда ғана болмаса, Жапондық мама дерсіздер, мейлі. Арайка моя, твоя заслуга ерекше (орысшам жетпей қалды)… Құттықтаймын! Киноға барайық, жақсы сапалы киноға барайық”, – деп жазды танымал тележүргізуші.

91-ді қолдап, елдің талқысына ұшырайтынын білсе керек-ті, Сұлтанқызы аталған жазбасына пікір қалдыруды шектеп тастапты.

Жіберіп алмаңыз:

Ернар Айдардың үйлену тойы Таразда дүркіреп өтті (фото) 

Ақбота Керімбекова ата-енесімен ара-қатынасы жайында бар шындықты айтты

Махаббат деп осыны айт: Ақбота Керімбекованың жүрегін жаулау үшін күйеуі 10 жыл дайындалған (фото)

Өзбек емеспін: Сиви Махмұди ұлтына қатысты сұрақтың нүктесін қойды

Талқылау