Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы кеш бала сүюді қолдады

Жақында Корея елінде медициналық тексерістен өтіп, бірнеше дерттен құлан таза айыққанын білген Ләйлә Сұлтанқызы болашақта ана атануы мүмкін. Тележүргізушінің пайымынша, кеш бала босану – бүгінгі заманда қалыпты нәрсе, оған үркіп қараудың қажеті жоқ.

Ләйлә Сұлтанқызы

Бұл туралы Stan.kz НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Енді дәрігердің айтуы міндет, сен 25-жасқа дейін 2-3 баланы дүниеге әкелуің керек деп. Физиологиялық жағынан. Бірақ кейбір қыз келіншектер бар, қырыққа дейін жағдай жасайтын. Қалай сөгесіз оны. Қалай сөгуге хақыңыз бар. Ол солай жоспарлады. Оған солай ыңғайлы болды”, – дейді Сұлтанқызы.

Ләйлә Сұлтанқызының пікірімен Рано Омарова да келіседі.

“Мысалы, мен 20 емес 30 жаста босандым. Қандай да бір қиындықтар болмады, өзімді жақсы сезіндім. Меніңше, керісінше әйелдің жасы ұлғайған сайын, ақылы көбейіп, жүктілікке де жауапкершлікпен қарайды”, – дейді әнші.

Ал дизайнер Әсем Нұрсейітова бұл пікірмен келіспейді. Сәнгердің айтуынша, кеш жүктіліктің де өзіндік қиыншылықтары бар.

“Жас келгеннен кейін бала қарау керек. Түнде ұйқыны бөліп, бала қарау керек, емізу керек. Ол жаста қиынырақ шығар деп ойлаймын. Сондықтан да қырыққа таяу немесе қырыққа дейін деп ойлаймын. Өзімде бір ойым бар 40-қа дейін, тағы бір сәби сүйсем деген ойым бар”, – дейді Әсем Нұрсейітова.

Ал жасы 40-тан асқан Ләйлә Сұлтанқызы алдағы уақытта тағы да бала сүйсе, таңғалмаңыз.

“Баланы дүниеге әкелуге келгенде әйел дайын болуы керек. Білесіз бе, бастысы баланың дені сау болу керек”, – дейді тележүргізуші.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау