Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы келін болып түскен жылдары қалай ұятқа қалғанын еске алды

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы 2005 жылы өзінен 12 жас үлкен депутат Қайрат Беркінбаевқа тұрмысқа шыққан еді. Бүгінде екі баласын тәрбиелеп отырған тележүргізуші келін болып түскен жылдары жіберген қателігін еске алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ләйлә Сұлтанқызы

Сұлтанқызының сөзінше, ол келін болып түскен кезде табақ тартуды білмеген екен.

«Мен алғаш келін боп түскен жылдары да соғым басына ауылдың сыйлы қонақтарын шақырғанбыз. Оң-солын айыра алмайтын жас болмасам да, жаңа түскен келінмін енді. Содан табақ тартар кезде күйеу табаққа тоқпан жілікті, ал бас табаққа төс салып жібергенім бар. Солай кәделі қонақ алдында бір қызарып алған едім», – деп жазды тележүргізуші Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ, ол бүгінгінің келіндері салт-дәстүрді әлдеқайда жақсы білетінін атап өтті.

«Қазіргі келіндер жарайсыңдар. Тісқаққан ғой… Малдың да, басқасының да», – дейді ол.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау